Алматыда елден ақша әкетпек болғандар ұсталды

Алматыда елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша әкетпек болғандар ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау барысында 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан аса ақша әкету әрекетінің жолын кесті. Олардың бір бөлігі қос түбі бар сөмкеге жасырылған», — делінген хабарламада.

2022 жылы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден аса сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкету дерегінің алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқықбұзушылық әрекетін болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажет екенін еске салды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...