Алматы тауларында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі

23 сәуірде Алматы маңындағы тауларда дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай жарқылдап, екпінді жел тұратынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Алматы тауларында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін, — деп ескертті қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.

Қырғыз Алатауында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Талас Алатауында да найзағай жарқылдап, дауыл тұрады деп күтіледі.

Тарбағатайда солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Алдында «Қазгидромет» РМК Алматы тауларында, сондай-ақ еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.

Сот Боқаевтың өтінішін қанағаттандырды: сотталушы тіс дәрігеріне жіберілді

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаев пен оның...

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЖ ЖҮЙЕСІНЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық...

ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК...

Нархоз университетінде мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары талқыланды

Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары Нархоз университетінде талқыланды....

Трудовые права лиц с инвалидностью обсудили в Нархозе

В Университете Нархоз состоялась открытая лекция на тему «Правовое...