«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржанмен Алматы қаласының мемлекеттік органдарына алғаш тағайындалған 25 қызметкермен семинар-кездесу өткізілді.

Кездесу Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында ұйымдастырылды және оның барысында:

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі;
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер;
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу;
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді;
  • Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

          Этикалық және адал қызмет мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

          Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар қойылды, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

          Бұдан бөлек, Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы жеткізілді.

          Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Узбеханов

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...