12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мектеп түлектерін ҚР ІІМ Қостанай Академиясына оқуға және жас азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметкеша қыру бойынша үгіттеу жұмыстары

Ағымдағы жылдың 01 және 02 желтоқсанында №2 мекемесінің кадр саясаты тобының қызметкерлері ҚР ІІМ Қостанай Академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Кадр саясаты тобының қызметкерлері Аршалы ауданының Михайловский, Ижевский және Ақбұлақ ауылдарының орта мектептерінің бітіруші түлектерімен сұхбат жүргізді. Мектеп оқушыларының назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндірді. Сонымен қатар Қостанай академия жайында шағын бейне ролик көрсетілді.

Айта кетсек, оқу орнының курсанттары толығымен мемлекеттен ақшалай ризықтану, нысандық киім, үш мезгілді тамақтандыру және тегін медицинамен қамтамасыз етіледі.
Жүргізілген үгіттеу жұмыстарының нәтижесінде аршалы ауданының Ақбұлақ орта мектебінің 3 оқушысы Академияға оқуға түсуге ниет білдірді.

​Сонымен қатар №2 мекемесінің кадр саясаты тобының қызметкерлері, мекемедегі аға басшы құрам және орта басшы құрам бар бос лауазымдарын толықтыру мақсатында 6505 әскери бөлімінің 9 атқыштар ротасының жауынгерлерімен кездесу өткізді. Құқыққорғау органдарында қызмет атқарудың жеңілдіктері, мекеменің қызметтік жатақханасынан баспана беру, баспана төлемдері жайлы түсініктеме берілді. Студенттер мен жауынгерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.

«Үгіттеу жұмыстарының мақсаты жастарды қызметке шақыру. Үгіттеу жұмыстарынан кейін ең үздік, мақсаткерлі, дарынды оқушылар ойланып жоғарғы оқуларын ҚР ІІМ Қостанай Академиясында жалғастырады дегенге сенеміз», — дейді №2 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Еркен Миржанов.

Надежный гарант трудовых прав

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек...

Удобства в сфере услуг

Развитие цифровизации, создание инновационной инфраструктуры в Шымкенте набирают популярность,...

Водный потенциал

Для успешного развития регионов необходима соответствующая инженерная инфраструктура. Это...

Новые объекты культурного наследия

СТАЛО ИЗВЕСТНО, ЧТО В СЕНТЯБРЕ ЭТОГО ГОДА В КАЗАХСТАН...

Вплоть до пожизненного заключения

Стало известно, что в Туркестанской области за первое полугодие...