Алматыда қар көшкіні астында қалған екінші туристтің денесі табылды

Алматы тауларында құтқарушылар екінші зардап шегушіні қар астынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ер адам тіршілік белгілерінсіз табылған.

Айта кетсек, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді. Қар астында екі адамның қалғаны хабарланды. Екі сағаттан кейін бірінші зардап шегуші табылды – ол тірі, иығы мен жамбасынан жарақат алған.

Құтқарушылар кейінірек хабарлағандай, Францияның алты азаматы шаңғы тебу кезінде қардың көшуіне себепші болған. Төртеуі зардап шеккен жоқ, екеуі қар көшкіні астында қалды.

Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.

Өткен айда «Шымбұлақ» курортында қар көшкіні кезінде шаңғышы қаза болды.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...