12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Әділеттің жаңа кезеңі: үш кассациялық соттың құрылуы»

2025 жылы 1 шілдеден бастап Республиканың аумағында Кассациялық сот құрылады – бұл сот сатысы  сот шешімдерінің материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылуын қайта қарастырады. Оның негізгі мақсаты – заңнаманы біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету және сот қателіктерін түзету.

Кассациялық сот қандай функцияларды орындайды?

Кассациялық соттың функцияларына мыналар кіреді:
• төмен тұрған соттардың шешімдерінің заңдылығын және негізділігін тексеру;
• құқық нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
• жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
• сот тәжірибесін бақылау және талдау арқылы сот шешімдерінің сапасын арттыру.

Кассациялық соттың ашылуы ел үшін неге маңызды?

Кассациялық соттың ашылуы ел үшін бірқатар маңызды артықшылықтарға ие:
• халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру;
• әділеттілікті, ашықтықты, тиімділікті және сот шешімдерінің сапасын қамтамасыз ету;

• сот жүйесін Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот (АҚЕС) сияқты халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге бейімдеу;
• сот қателіктерін азайту және құқық қолданудағы кемшіліктерді түзету мүмкіндігін беру;

• шешімдерді жоғары сатыда қайта қарау мүмкіндігі арқылы сот қорғауының тиімділігін арттыру.

Жаңа кассациялық модель — бұл «жаппай кассация», яғни енді тек әкімшілік істер бойынша ғана емес, басқа да сот ісін жүргізу түрлері бойынша да сот процесіне қатысушылардың барлық сот инстанцияларында тыңдалуына мүмкіндік беріледі.

Кассациялық сот қандай істерді қарайды?

Кассациялық сот азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша шешімдерді қарайды.

Жаңа құрылым аясында Кассациялық сот үш дербес соттан тұрады, олардың әрқайсысы нақты бір салаға маманданған:

• қылмыстық істер бойынша кассациялық сот;

• азаматтық істер бойынша кассациялық сот;

• әкімшілік істер бойынша кассациялық сот.

Бүгінгі таңда кассацияда мәні бойынша қаралатын өтініштердің үлесі небәрі 5% болса, жаңа модель енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Бұл — әрбір азаматтың немесе ұйымның шешімге қатысты уәждерін жоғары сатыда толыққанды тыңдатуына мүмкіндік береді.

Кассациялық сотқа шағымдар мен өтініштер қалай беріледі және оның ерекшеліктері қандай?

Жаңа кассациялық модельде шағымдар мен өтініштер беру және істерді қарау тәртібі айтарлықтай өзгереді.

Негізгі ерекшеліктері мыналар:

  • Істер тікелей кассациялық соттың алқаларына түседі – бұл дегеніміз, енді істер алдын ала іріктеусіз бірден сот талқылауына шығарылады.
  • Тараптар міндетті түрде шақырылады – сот тараптарды тыңдап, олардың уәждерін қарастырады, бұл әділетті процесті қамтамасыз етеді.
  • Істерді қарау мерзімі – алты айдан аспайды – бұл кассациялық істің жедел әрі нақты шешілуіне кепілдік береді.
  • Барлық іс жүргізу түрлері үшін бірыңғай ереже енгізіледі – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша біркелкі кассациялық тәртіп қолданылады.

Қазіргі жағдай:

Бүгінгі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кассациялық соттар «іріктемелі кассация» қағидатымен жұмыс істейді. Яғни, төменгі сатыдағы соттардың күшіне енген шешімдеріне келіп түскен шағымдар алдымен алқа судьяларымен алдын ала қаралып, тек кейбірі ғана кассациялық қарауға жіберіледі. Бұл жағдайда істі қайта қарау мәселесі судьяның жеке шешіміне байланысты болады.

Жаңа модельдің басты артықшылығы – әрбір шағым міндетті түрде мазмұндықаралады, бұл сот әділдігіне қолжетімділікті арттырады және құқықтарды қорғаудың шынайыкепіліне айналады.

Сонымен, бүгінгі күні барлық апелляцияланған және протестік сот актілері кассациялықсатыға өтпейді. Статистикаға сәйкес, орташа есеппен тек шамамен 5–10% іс кассациялық қарауға жіберіледі.

Бұл тәртіп кассациялық қайта қарауға қолжетімділікті шектейді және қоғамныңәділеттілікке қол жеткізуге деген талаптарына сай келмейді.

«Жаппай» кассацияның басты ерекшелігі – істі қарауға қабылдау кезеңінде:

  • Ол алдын ала іріктеудің болмауында.
  • Барлық түскен шағымдар мен протесттер (Егер қылмыстық іс жүргізу кодексінің формалық талаптарына сәйкес болса) міндетті түрде қаралады.
  • Істер коллегия құрамында, кемінде үш судьяның қатысуымен мәні бойынша қаралады.

Нәтижесінде, сот актілерін тексеру таңдамалы емес (яғни судьяның жеке шешімімен емес), керісінше міндетті түрде жүргізіледі.

Бұл жаңа жүйе әділдікке қолжетімділікті арттырады және құқық қорғау саласындағы кемшіліктерді тиімді жоюға мүмкіндік береді.

Аталған «таңдамалы» және «міндетті» кассация арасындағы айырмашылық — Қазақстан Республикасында кассациялық соттарды құру туралы шешімнің басты себептерінің бірі болды.

Осы орайда, Жоғарғы Сотқа ел мен қоғам үшін ең күрделі және маңызды сот істерін қарау қалдырылып, оның назарын сот тәжірибесін біркелкі қалыптастыру және заңнамалық жұмысқа бағыттау жоспарлануда.

Сонымен, жеке кассациялық соттарды құру және «жаппай» кассацияны енгізу кассациялық қайта қарау кезеңінде заңды күшіне енген сот актілеріне қолжетімділікті арттырады. Бұл өз кезегінде бірінші және апелляциялық инстанция судьяларының шешімдері үшін жауапкершілігін күшейтіп, істерді қарау сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Кассациялық соттар құрылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты соттәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуге басымдық береді. Жоғарғы Сотта сот актілерін қайта қарау тек ерекше жағдайларда ғана, Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша жүзеге асады: егер олар жергілікті және кассациялық соттардың практикасына қайшы келсе және құқықтың дамуы үшін қайта қарауды қажет етсе.

Қазақстан Республикасында кассациялық сатыны құру халықаралық құқықтықстандарттарға адалдықты көрсетеді және оны құқық үстемдігі принциптерін сақтайтындемократиялық мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықта беделін нығайтуға ықпал етеді. Бұл реформа ең алдымен азаматтардың соттық қорғау қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа кассациялық соттардың тағы бір ерекшелігі — олардың тек астанада — Астанақаласында орналасып, жұмыс істеуі. Бұл кассациялық сатының  тәуелсіздігін қосымша қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Жаңа сот азаматтар мен бизнеске қандай артықшылықтар береді?

  • Процестердің жеделдетілуі және ашықтықтың жоғарылауы.

Халыққа қандай қолдау және түсіндіру шаралары көрсетіледі?

  • Ақпараттық науқандар өткізу, консультациялар ұйымдастыру.

Соттың қолжетімділігі мен ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?

  • Онлайн қызметтерді енгізу, шешімдерді жариялау, ашық сот отырыстарын өткізу.

Қостанай облысының Мамандандырылған 

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Катан Толубаевич Рахимбай

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для...

В Алматы началась работа по мониторингу студенческих общежитий

При поддержке Управления молодежной политики города Алматы стартовал мониторинг...

Алматыда студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала аумағындағы студенттік...