AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды, аналитиктерді және жасанды интеллект саласындағы сарапшыларды «AFM AI Hackathon 2026» — ауқымды инновациялық байқауына қатысуға шақырады.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы күреске арналған озық цифрлық құралдарды әзірлеуге бағытталған.

Өтетін күні: 2026 жылғы 24–25 маусым

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Farabi Hub».

Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын келесі үш бағыт бойынша көрсетеді:

🔹 Digital Shadow – көлеңкелі интернетті мониторингтеу және ашық дереккөздерден (OSINT) ақпарат жинау;

🔹 AI Shield – деректер базасын қорғауға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;

🔹 AI Media Watch – әлеуметтік желілердегі заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау.

«AFM AI Hackathon» – технологиялар елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралына айналатын, ал жас мамандардың идеялары нақты цифрлық шешімдерге ұласатын бірегей алаң.

Болашақтың технологияларын жаса. Цифрлық кеңістікті қорға. Заң мен тәртіпті нығайтуға өз үлесіңді қос!

           Тіркелу www.qmahackaton.kz сайтында жүргізілуде, команда құрамы 3 адамнан аспауы тиіс.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...