Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтуде

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласында жүк тасымалдау талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуде.

Бақылау барысында абаттандыру қағидаларын бұза отырып жүк тасымалдайтын жүк көліктеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, тентсіз қозғалу, жүктің тиісті түрде бекітілмеуі, сондай-ақ жолдың жүру бөлігіне топырақ, құрылыс қалдықтары мен сусымалы материалдардың төгілуіне жол беру фактілері анықталуда.

Мұндай құқық бұзушылықтар қаладағы санитарлық жағдайға кері әсер етіп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіреді.

Жыл басынан бері қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзудың 819 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Рейдтік іс-шаралар мегаполистің барлық ауданында тұрақты негізде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады.

«Біз жүк көліктерінің тентсіз немесе жүк тасымалдау талаптарын бұза отырып қозғалу фактілерін жиі тіркейміз. Мұндай әрекеттер жол жабынының ластануына әкеледі. Бұған жол беруге болмайды. «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың бойында қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін түсіндіру», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...