12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық сот құру –қоғам талабы

Дербес кассациялық соттар – сот өндірісінің жоғары сатысы, олар алдыңғы инстанциялар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Мұндай соттарды құрудың басты мақсаты – шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту.

Еліміз егеменді ел болып, өз алдына мемлекет болғалы бері өз сот билігін қалыптастырып, осы уақыт ішінде атқарылған істер аз болмай, өз кезеңдерінде заман талабына сай оңды өзгерістер орын алды. Заң үстемдігінің берік орнығуына, сот төрелігінің әділ атқарылуына бағытталған көптеген іргелі реформалар жүргізіліп келеді.

Сондай жаңашылдықтың бірі – елімізде дербес Кассациялық соттарды құру болып табылады.

Бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге асуда. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін дербес кассациялық соттар құрудың маңыздылығын атап өткен болатын.\

Жоғарғы Соттағы кассациялық сатының қазіргі үлгісі азаматтардың сұранысын толық қанағаттандырмайтындығы, азаматтық және қылмыстық істердің тек 5 пайызы ғана кассациялық қайта қарауға ұсынылатындығы айтылды.

Соған орай, Жоғарғы Соттың заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстарына, соның негізінде елордада үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді. 

2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы тәуелсіз кассациялық соттар құруды көздейтін Конституциялық Заңға қол қойды. Осылайша, жаңа бастаманың заңдық тәртібі айқындалып, елордамызда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттар құрылатын болды. Заңнамадағы жаңашылдық 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енбек.

Құқықтық мемлекет құру жолындағы кез келген елдің негізгі міндеттерінің бірі – әділ сот жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және сот төрелігінің тиімділігін арттыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында сот жүйесіне елеулі реформалар жүргізіліп келеді. Соның ішінде дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары – сот төрелігін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама сот төрелігінің сапасын арттыруға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Іс-шаралар жоспары бірнеше негізгі бағытты қамтиды: заңнамалық өзгерістер енгізу, судьяларды оқыту, инфрақұрылымды дамыту және халықпен кері байланыс орнату. Бұл жоспарды жүзеге асыру сот өндірісінің ашықтығын арттырып, құқықтық қорғауды күшейтеді.

Кассациялық соттардың дербес құрылуы бірнеше маңызды артықшылықтар береді:

1.Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен әділдігі артады. Кассациялық соттардың дербестігі судьялардың шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін күшейтеді, бұл әділ шешімдер қабылдауға негіз болады.

2.Процесстердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Кассациялық соттардың дербес болуы сот отырыстарының ашықтығын арттырып, азаматтардың процестерге қатысуын жеңілдетеді.

3.Сот өндірісінің сапасы жоғарылайды. Судьялардың мамандану деңгейінің артуы және іс жүргізу процесстерінің оңтайландырылуы сот шешімдерінің сапасын жақсартады.

Дербес кассациялық соттарды құру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстанның сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатуға бағытталған батыл әрі маңызды қадам. Бұл реформа сот төрелігінің ашықтығын, әділдігін және қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің құқықтық жүйесінің жалпы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сот жүйесіне енгізілетін бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді, заң үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жаңашылдықтар мен оң өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.

Жаңару күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 14-24 наурыз аралығы Наурызнама онкүндігі деп жариялануына...

Ифтар үшін жүз пакет Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясының сотталушыларына таратылды

Семей қаласы мешіттерінің имамдары "Amanat" қоғамдық қорының теологтарымен, Абай...

Сто пакетов для ифтара раздали осужденным колонии средней безопасности по области Абай

Имамы мечетей города Семей совместно с теологами общественного фонда...