spot_img
spot_img

ҚАРТАЙҒАН ҚОҒАМНЫҢ ҚАУПІ ҚАНДАЙ?

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Қария – ағып жатқан ақыл дария», «Ел қариясы – ел қазынасы» деп жалғаса кететін үлкендер жайлы ізгілікке толы тәмсілдер легі баршылық. Халқымыздың түсінігінде үлкенді сыйлау, өнегелі өмір жолынан үлгі алу, алдарын кеспеу, сөзін зейінмен тыңдау секілді тәрбиелік амалдар ізгі істер қатарында.

Расындада елге тоқтау айтып, қате кеткен кейінгі буын өкілдерін тезге салып, тәрбиесіне кие, кері кеткеніне ие бола білетін қариялардың болғаны қай қоғам үшін де жақсы. Үлкен жасқа, жас үлкенге керек. Түсіндіруді қажет етпейтін табиғи теңдік яки есеп осы. Алайда, «Соңғы уақыттары осы табиғи теңдік теңсіздікке айналып, қариялар саны ұлғайып барады» – дейді мамандар. ХХІ ғасырдың басты мәселесі ретінде халықтың қартаю процесін танып, дабыл қағуда. Бұның қоғамның қай саласы болмасын әсері болары сөзсіз. Рухани құндылықтардан бастап, экономикалық мәселелерге дейін туындап, адамзат баласы тығырыққа тіреледі дейді, сарапшылар. 2021 жылы жер бетіндегі 65 және одан жоғары жастағы қариялардың саны 761 млн адамға жетсе, осы өсу қарқынымен он жылдықта екі есеге көбейеді дейді. Шамамен 2050 жылы кәрілер санатына жататын 1,6 млрд жан тіршілік етеді екен. Басты себеп – туу көрсеткішінің азаюы, өмір сүру жасының өсуі. Қазір өткен ғасырдың ортаңғы жылдарымен салыстырғанда өмір сүру ұзақтығы 25 жылға ұзарған. Туу факторының азайғанын айтпаса да байқап жүрсіз. 2020 жылғы пандемия уақытында егде жастағы адамдардың көптеп өмірден өтуі де қарттықтың көбеюіне аса әсерін тигізбеген, халықтың қартаюы басым. Жастары аз, қариясы көп қоғамда қандай мәселелер туындауы мүмкін дейсіз ғой, онда әрі қарай оқыңыз. Елімізде де әлем елдері секілді халықтың қартаюы байқалады. Мәселен 2022 жылы 65 жастан асқан әйелдердің үлесі 10,1 пайызға жетті. Ал бұл көрсеткіш соңғы он жылдықта 8,2 пайыздан көтерілмеген болатын. Ерлер қауымында да қарттықтың үлесінде өсу бар. Соңғы он жылдықта 4,8 пайыздан 6,1 пайызға дейін артқан. Басты мәселе – қарттарға жайлы орта қалыптастыру. Негізгі бағыт – зейнетақы. Халықтың қартаю жағдайында кез келген мемлекетке, зейнетақы қорына салмақ түсері сөзсіз. Бұны ғылыми терминмен айтқанда қарттықтың демографиялық ауыртпалығы деп атайды, өлшемді коэффицент. БҰҰ мәліметінше ауыртпалық коффиценті өткен жылы 12,9 пайызға тең болған. 2025 жылға қарай арақатынас 14,1 пайызға, 2030 жылға қарай – 15,9 пайызға, 2040 жылға қарай – 17,1 пайызға, 2050 жылға қарай – 19 пайызға дейін көтеріледі деген болжам бар. Бұл еңбекке жарамды яғни, 14 пен 63 жас аралығындағы адамдардың одан жоғары жастағы адамдарға қатынасын есептейтін көрсеткіш. Зейнетақыны үйлестіру жүйесінің маңыздылығы алдағы уақытта күшеймесе, азаймайды деген сөз. Бұны оқыған бұқараның көңілінде «Зейнет жасын тағы да көтереді ме?» деген заңды сауал тууы мүмкін. Алайда зейнет жасы адамдардың еңбекке жарамдығы мен өмір сүру ұзақтығына, жастық бөліністегі денсаулық жағдайына және қызметтің ауырлығына орай бекітілетінін айтқымыз келеді. Қазақстан 1998 жылдан бастап жинақтық зейнетақы жүйесіне көше бастады. Яғни, жұмыс беруші жылдар бойы өзінің зейнетақы қорына табысының белгілі бөлігін аударып келеді. Зейнет жасына жеткенде тиесілі зейнетақысы ретінде беріліп отырады. Әлем елдерінде қазірде бұл жүйенің баламасы – үлестіруші зейнетақы жүйесі бар. Оның басты ерекшелігі зейнет жасындағы адамдардың ақысы қазіргі жұмыс істеуге жарамды жандардан түсетін салық есебінен түсіп отырады. Үйлестірушілік жүйесі болашақта өз жұмысын тоқтатады деген де болжам бар. Себеп – қартаюдың өсуі. Еңбекке жарамдылық жайы да бұл тұрғыдан маңызды мәселелердің қатарында. Уақыттық мысал болсын, 1941–1945 жылдар аралығындағы қазақ ауылдарын елестетеміз. Шыбығы қатпаған баладан бастап, егде жастағы қарияларға дейін, сонымен қатар әйелдер де жұмыс даласына тартылды. Басты себеп – соғысқа аттанған ерлердің жоқтығынан туындаған жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Бір қорқыныштысы осы елестетіп отырғанымыз болашақта қайта орын алады ма деген болжам бар. Қарттықтың, яғни жұмысқа жарамсыздықтың көбейген уақытында жұмыс күшін ауыстыратын баламалы тарап керек. Бұл біздің әлемнің болашақта кездесетін бір мәселесі. Сондай-ақ, халықтың қартаюы денсаулық сақтау саласынан бастап барлық салаларға да өз әсерін тигізетіні сөзсіз. «Не істемек керек?» дейсіз ғой. Табиғи балансты қайта қалпына келтіру атаулы проблемалардың шешімі болуы мүмкін. Мәселе – туу санын көбейту. Елімізде өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 20 жылда болмаған сәбилердің туу дерегі тіркелді. Туылған нәрестелердің саны бір жылда 9,5 пайызға азайған. Мысалы, 2022 жылы 403,9 мың сәби өмір есігін ашса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 42,6 мың сәбиге көп болған. Алайда мамандар туу жалпы есепте қалыпты деп сендіреді. 2021–2022 жылдардағы айырмашылықтың басты себебі 2020 жылғы пандемия уақытындағы отбасыларда баланың көптеп туылуы әсер еткен. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 93,5 мың бала өмір есігін ашқан. Бұл деректерге сүйену арқылы қазақстандық әрбір тууға жарамды әйел 3 балаға дейін өмірге сәби әкеліп отыр деген байламға келе аламыз. Алайда болашақта бұл санның 2 тіпті, 1 балаға дейін түсу қауіпі бар. Туу көрсеткіші бойынша оңтүстік және батыс өңірлер басымдыққа ие, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде туу дерегі аз. Бұл факторларға Қазақстандағы некеге тұру көрсеткіші де себепкер. Мәселен, 2022 жылы 128,4 мың неке қиылса, 2021 жылы бұл сандар 150 мыңға жете жығылған. Төмендеу – 8 пайыз. Тарқата кетсең шыға беретін мәселелер легі бірінің ізін бірі қуа береді. Неке мәселесінің ушығуына еліміздегі әйелдердің әлеуметтік рөлі өзгергені, сәйкесінше неке жасының ұлғайғаны себепкер екен.

Ш.ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Қазақстан мен Корея қандай құжаттарға қол қойды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша, ресми делегация мүшелері бірқатар құжаттарға қол қойды.

Атырауда адам өлімімен аяқталған жанжал: куәгерлер тың дерек айтты

Атыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қатысты жаңа деректер пайда болды. Екі адам арасындағы жанжалға көліктің сырылып кетуі себеп болған.

51 мың қазақстандық жалдамалы пәтерін жекешелендіре алады: Мәжіліс заң жобасын қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жөнінде екінші оқылымда қабылданды.

1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қандай болады?

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады.