Қазақстанның оңтүстігіндегі бір аудан ішімдік сатудан бас тартты

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан ерікті түрде бас тартты. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, аудан прокурорымен өткен жеке кездесуде ақсақалдар, ауданның құрметті тұрғындары мен кәсіпкерлер ішімдіктерді сатудан бас тарту бастамасын қолдаған.

«Нәтижесінде жергілікті сауда орындарының иелері алкоголь өнімдерін өткізуден ерікті түрде бас тартуға келісім беріп, 14 ауылдық округ «Ішімдіктен ада ауыл» болып жарияланды», – делінген таратылған хабарламада.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қабылданған шаралар, ең алдымен, өскелең ұрпақты жат әдеттерден қорғауға, құқықбұзушылықтың алдын алу саласында оң нәтиже қалыптастыруға және заң мен қоғамдық тәртіпті сақтауға негізделген қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.