Қазақстан жемқорлық индексінде Орталық Азияны артта қалдырды 

Жемқорлықты қабылдаудың орташа жаһандық көрсеткіші мүмкін болатын 100 балдың 42-сіне дейін төмендеді. Мұндай деректерді Transparency International ұйымы әзірлеген және Visual Capitalist платформасында жарияланған халықаралық Жемқорлықты қабылдау индексі (Corruption Perceptions Index, CPI) келтіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан 38 балл жинап, әлемнің 180 елі арасында 96-орынға жайғасты. Көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден төмен болғанына қарамастан, республика Орталық Азия мемлекеттері арасындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Қазақстан – өңір көшбасшысы

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан ең жоғары нәтижені көрсетті. Одан кейін Өзбекстан мен Қырғызстан орналасқан.

Рейтингке сәйкес, Өзбекстан 31 балл жинап, 124-орынға ие болды, Қырғызстан 26 балл алып, 142-орынға жайғасты. Тәжікстан 19 баллмен 166-орынды иеленсе, Түрікменстан 17 баллмен 167-орыннан көрінді.

Сонымен қатар Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдерден қалып отыр. Мәселен, Грузия 50 балл жинап, 56-орынға орналасты, Армения 46 баллмен 65-орынға ие болды, ал Молдова 42 балл жинап, рейтингтің 80-сатысына жайғасты.

Көшбасшылар қатарында кімдер бар?

Жаһандық рейтингте Дания сегізінші жыл қатарынан көш бастап келеді. Ел мүмкін болатын 100 балдың 89-ын жинаған.

Алғашқы үштікке сондай-ақ 88 баллмен Финляндия және 84 балл жинаған Сингапур енді. Сарапшылар бұл мемлекеттердің жоғары көрсеткіштерін мемлекеттік институттардың тиімді жұмысымен, тәуелсіз сот жүйесімен және ашықтық деңгейінің жоғарылығымен байланыстырады.

Тізімнің соңында жемқорлық деңгейі ең жоғары деп қабылданатын елдер орналасқан. Соңғы орындарды Сомали, Оңтүстік Судан және Венесуэла иеленді.

Әлемдегі жағдай нашарлап барады

Зерттеу авторларының айтуынша, орташа жаһандық көрсеткіш ұзақ уақыттан бері алғаш рет 42 баллға дейін төмендеген. Әлем елдерінің үштен екісінен астамы мүмкін болатын 100 балдың 50-інен төмен көрсеткіш алған.

Transparency International ұйымының пікірінше, жемқорлық мемлекеттердің тұрақты дамуына төнетін негізгі қатерлердің бірі болып қала береді. Ол азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді, инвестициялық ахуалды нашарлатады және мемлекеттік шығындардың тиімділігін төмендетеді.

Қазақстан үшін 38 баллдық нәтиже Орталық Азиядағы көшбасшылықты сақтап қалуды білдіреді. Алайда ел әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен қалып отыр және ашықтық пен мемлекеттік басқару сапасы бойынша әлемдік көшбасшы саналатын мемлекеттерден едәуір артта келеді.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.