Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Білім министрі 2026 жылғы 29 мамырдағы бұйрықпен жаңа редакцияда педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Курстарды білім беру қызметін жүзеге асыратын және:

  • біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасының бағыты бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар жаттықтырушы-оқытушылар.

Бұл ретте ұйым жаттықтырушы-оқытушыларының жалпы санының кемінде 40% – мынадай дәрежелер мен біліктіліктердің бірі болуы тиіс:

– ғылым кандидаты (ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе магистр дәрежесі;

– «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты;

– «педагог-шебер» біліктілік санаты;

– немесе тиісті бейін бойынша ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың) мамандары мен қызметкерлерінің болуы;

  • қашықтан немесе аралас нысанда оқытуды жүзеге асыру кезінде LMS пайдалану туралы мәліметтер қамтылған Ұйымның интернет-ресурсы;
  • санитарлық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығындағы материалдық активтер немесе жалға берілетін материалдық активтер.

Курстарды өткізу кезеңінде жекелеген дәрістерді оқуға және практикалық сабақтарды жүргізуге ұйымның шешімі бойынша өңірлік палаталардың, кәсіпорындардың және қызметкерлер қауымдастықтарының өкілдері тартылады.

Курстар:

күндізгі нысанда (жалақысын сақтай отырып, еңбек қызметінен қол үзіп);

қашықтық нысанда (еңбек қызметінен қол үзбей);

аралас нысанда (қашықтықтан оқыту нысанын қолдана отырып, күндізгі нысанда ұйымдастырылады.

Қашықтықтан немесе аралас нысанда оқыту LMS-те жүзеге асырылады, оған:

  • тыңдаушының жеке кабинеті;
  • оқыту және бағалау материалдары мен ресурстары;
  • оқу сабақтарының кестесі;
  • педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу материалдары кіреді.

Ережелер LMS оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған ақпараттандыру объектісі екенін анықтайды.

Курстардың ұзақтығы 36 және одан да көп академиялық сағатты құрайды. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

Курс аяқталғаннан кейін Ұйым білім беру бағдарламасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау өткізеді.

Қорытынды бағалаудан өткен тыңдаушыларға сәйкес қағаз немесе цифрлық түрде сертификат беріледі.

Цифрлық сертификат Ұйым тарапынан міндетті түрде QR-кодты (кью ар-кодты) пайдалану және ПБДҚ-да верификациялау арқылы беріледі. Осыған байланысты қағаз сертификаттарды беру талап етілмейді.

Біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйым педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының тізіліміне енгізілуі тиіс.

Бұйрық 12 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.