Зейнетақы жинағын пайдалану шегі неге өсті? Қаржыгер түсіндірді

Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шекті өсіру қажет. Өйткені зейнетақы жинағы адамның болашақтағы зейнетақысын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы керек. Қаржыгер Расул Рысмамбетов телеарнаға берген сұхбатында мұндай пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі көп қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескенімен, жинақтың азаюына әкеп соқты. Ол жинақты жаппай алу жылжымайтын мүлік нарығына әсер етіп, зейнетақы жүйесіндегі қаражат көлемін қысқартқанын атап өтті.

«Бұл әлеуметтік шаралар мен соған сәйкес шешімдер болғанын түсінемін, бірақ қысқа мерзімді мәселені шеше отырып, біз ұзақ мерзімді түйткіл тудырдық. Жинағын шешіп алғандардың көбі артық емес қаражатты пайдаланды. Болашақта олар базалық зейнетақыдан да аз сома алатын болады. Менің ойымша, жеткілікті шегін көтеру, біріншіден, БЖЗҚ-дағы қаражатты сақтауға, екіншіден, адамдарды зейнетақы жарналарын аударуға, ерікті шоттар ашуға және т.б. ынталандыруға бағытталған. Бірақ ол үшін, барынша сенімге ие болу үшін жүйелі әрі дұрыс тәсіл қажет», — деп түсіндірді қаржыгер.

Еске салайық, кеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ)2026 жылға арналған зейнетақы жинағын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шектің жаңа көрсеткіштерін жариялады.

Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалану үшін 20 жастағы қазақстандыққа кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы азаматқа – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы тұрғынға – 13 370 000 теңге жинау қажет.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.