Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды 

Филиппинде 8 маусымға қараған түні магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.

Жерасты дүмпулері Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген.

Германияның Геофизикалық зерттеулер орталығының (GFZ) мәліметінше, жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған. Филиппин мен көршілес Индонезияның геофизикалық агенттіктері цунами қаупі туралы ескерту таратты. Әзірге екі елде де ірі қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Алғашында GFZ жер сілкінісінің магнитудасын 8,2 деп бағалаған. Ал Филиппиннің Phivolcs агенттігі оның магнитудасы 7,0 болғанын хабарлап, биіктігі бір метрден асатын цунами толқындары бірнеше сағат бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертті.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі (BMKG) жер сілкінісінің магнитудасын 7,7 деп бағалады.

Бұл – біздің өмірімізде бастан өткерген ең күшті жер сілкінісі, – деді Сарангани провинциясындағы Алабель қаласының полиция басшысы Бенджи Анчета.

Индонезияның Манадо қаласындағы тұрғындар да жер сілкінісінің өте қатты сезілгенін айтты.

Әлеуметтік желілерде Филиппиннің Генерал-Сантос қаласында (жергілікті атауы – Генсан) ғимараттың құлау сәті түсірілген бейне тарады.

Алайда әзірге зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жер сілкіністерін бақылайтын сайттардың мәліметінше, Филиппинде жерасты дүмпулері қатарынан екінші күн болып тіркеліп жатыр.

БАҚ өкілдері Гонолулуда да жер сілкінісі болғанын хабарлауда. Сонымен қатар Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Филиппин, АҚШ-тың батыс жағалауы, Индонезия, Палау, Жап аралдары (Микронезия Федеративтік Штаттарының төрт штатының бірі), Тайвань және Папуа – Жаңа Гвинея елдері мен осы аумақтарда цунами қаупі жарияланды.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.