Полицейлер тұрғындарға жадынама таратты

Түркістан облысының поилцейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта Созақ аудандық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Манапова маңызы зор шара ұйымдастырды. Аудан аумағында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тұрғындар көп жиналатын орындарда әйелдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жағдайда не істеу керектігі, іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық 100 дана жадынамалар таратты. Өз кезегінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық деректерін байқасаңыз, немесе құрбаны болсаңыз, «102» нөміріне, немесе дағдарыс орталығына хабарласыңыздар деп ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

№21 мекемесінде «Тазару күні» өтті

Семей қаласындағы №21 мекемеде «Тазару күні» республикалық акциясы аясында...

Медиацияның мақсаты-бітімгершілік

Медиация – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің тиімді құралы....

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі. Ол...

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...