Мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның барлық аудандық басқармалары қызметкерлерімен және Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшесінің ұжымымен кездесті.
Шынарай Әлімхан қатысушыларға мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың талаптарын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында көзделген ережелерді түсіндірді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, тыңдаушыларға жүктелген міндеттерді түсіндірді.

«Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады, сондықтан мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Шынар Әлімханқызы.

Кездесу барысында Шынарай Әлімханқызы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылай келе, Шынар Әлімхан жоғары кәсіби және адами беделдің кепілі заңдылық пен әдептілік қағидаттарын ұдайы ұстану болып табылатынын атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментнің басқарма басшысы Узбеханов Нұржан Болатбекұлы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – құқықтық мемлекеттің негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына елеулі қауіп төндіретін, қоғамдағы...

№21 мекемесінде «Тазару күні» өтті

Семей қаласындағы №21 мекемеде «Тазару күні» республикалық акциясы аясында...

Медиацияның мақсаты-бітімгершілік

Медиация – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің тиімді құралы....

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі. Ол...

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...