Тарихы да, тамыры да тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Халық арасында жұлын құрт індеті аталып кеткен осы дертті жоюға ымырасыз күрес жүргізіліп отыр.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың өзі айрықша мән беріп отырғандығы баршаға мәлім. Демократиялық даму процесін тежеп жатқан себептерді жою жолында президентіміз Қ.Тоқаев көпшілікке әсіресе басшыларға жауапты міндеттер жүктеді. Оның бастысы- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.
Сондықтан жемқорлықпен күрес- ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп-қатермен күрес деп бағалаған болатын. Жемқорлық-тұтастай мемлекеттердің экономикасын күйретіп қана қоймай, мемлекет туралы теріс пікір туғызады. Сол үшін жемқорлықпен күрес науқандық шара болмауы тиіс. Осыған орай, аудан прокурорының бастамасымен Бәйдібек аудандық пробация қызметі бөлімшесінің және Бәдібек аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емесе жаза түріне сотты болған тұлғалардың қатысуында сыбайлас жемқорлық бойынша жедел кеңес өткізіліп, тиісті шаралар қабылдау үшін хаттама түзілді. Сонымен қатар күнделікті жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертіліп тұрады.
Аталған шаралардың басты мақсаты- жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың кемел келешекке бет түзеп, жаңа болашаққа нық қадам басқан егеменді еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналып отырғанын түсіндіру болып табылады.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы қатаң шаралар қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілетін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін теріс пайдалану, жеке өзі немесе делдал арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.
Қоғамның жегі құрты-жемқорлықтың тамырына балта шабу бүгінгі күннің басты талабы. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың үлкен кішісі болмайды. Негізінен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сонда ғана Президенттің Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындау бағытында барлық жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз әрі қатаң күресінің нәтижесі болмақ.
Мәди Дәулетов,
Бәйдібек аудандық пробация
қызметінің бастығы,
әділет майоры