Жол құрылысына байланысты Алматы облысындағы тасжолдың бірі жабылады

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына байланысты Алматы облысындағы тас жолдардың бірі жабылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қырғауылды, Райымбек ауылдарының қиылысындағы айналма жол және Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына байланысты республикалық маңызы бар Алматы — Шамалған — Ұзынағаш тасжолын 23 шақырымға жабу жоспарланып отыр. Сондықтан, бұдан былай Алматыға  Алматы — Шамалған — Ұзынағаш бойымен кірушілер Қырғауылды ауылындағы Көкдала және Іңкәрбековтар көшелерімен, сондай-ақ Райымбек ауылындағы Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы өтеді. Осыған байланысты осы жағдайға түсіністікпен қарап, көлік қозғалысының бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деді полиция өкілі.

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...