12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жер заңнамасын қолдану мәселелері

Тарих беттерін парақтасақ, ежелден қоғамда жер дауы кездескенін аңғару қиын емес. Жер дауы — қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарындағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау. Жалпы,  жер қай заманды алсақта тұтас елдікі саналып, жердің бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болған. Ертеде ел арасында туындаған жерге қатысты даулардың соңы дара билеріміздің даналығымен шешімін тауып отырған. Тіпті,  «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның  «Жеті жарғысынанда»  жер дауын шешудің барынша шебер әрі тиімді жолдары көрініс тапқан. Дауды қарау шарттары мен тәртіптері айқындалып, өзен, көл, жол, арықтар көпшілік мүлкі болып саналған. Мәселен, «Жеті жарғы» жеті заңнан құралса, соның бірі жер дауы заңы деп аталған.  Ал, «Есім ханның ескі жолының» басты ережелері жерге қатысты заңдардан тұрған.

Ата Заңымызда жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екендігі,  халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратыны, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екені көрсетілген. Бүгінгі таңда сот тәжірбиесінде жеке, заңды тұлғалар арасында жер телімін пайдалануға байланысты жер даулары кездесіп тұрады. Жер құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңнама Конституцияға негiзделген Жер кодексінен  және осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңнамасында, жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасында өзгеше қарастырылмаса, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар азаматтық заңнамамен реттеледi. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Ал, жер құқығы қатынастары деп жерге меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын, жекелеген субъектiлерге бекітілген жер учаскелерiн басқаруға байланысты жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi құқықтық қатынастар табылады. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын талап қоюларды жер учаскелерін беру және оларды алып қою, жер учаскелерін алып қоюға байланысты шығындарды өтеу,  меншік құқығы және жер пайдалануды даулау, әкімдердің жер учаскелерін беру тәртібіне шағымдану, кепіл шартына шағымдану, жер учаскелерін алып қою, сервитут белгілеу немесе тоқтату, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалануын куәландыратын мемлекеттік актілерді тіркеуден және беруден бас тарту және т.б. құрайды.

Азаматтық кодекстің 117-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскелері жылжымайтын мүлікке жатқызылып, жер учаскелеріне құқық туралы талап арыздар Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес, олардың орналасқан орны бойынша сотқа берілуі тиіс. Ал, тараптары заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылатын жер учаскелеріне құқықтар туралы талап қоюлар жер учаскесі орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралатынын атап өткен жөн. Тағы бір айта кетерлігі, соттар жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру, оларды алып қою туралы Жер кодексінің 16, 17, 18, 19-баптарының талаптарына сәйкес шешім қабылдаған мемлекеттік органның өкілеттігін тексеруі тиіс. Жер учаскелерін беру кезінде әкім өз өкілеттігін асыра пайдаланған жағдайда, оның шешімі заңда қарастырылған негіздер бойынша, сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Сондықтан, сот жер учаскелерінің орналасқан орны мен шекараларын анықтайды, нақты кенттің, қаланың, ауданның немесе облыстың аумағына кіретін жерлерді куәландыратын құқықтық құжаттарды тексереді.

Табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі саналған  жер – тіршілігіміздің басты көзі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Сондықтан, азаматтардың жер туралы заңнамалардың қағидаттары мен өздерінің міндеттерін жетік білуі жерге қатысты заңсыздықтың алдын алары сөзсіз. 

АЛТЫНАЙ БАЗАРОВА, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

Отанды сүю тілге деген құрметтен басталады

Халқымыздың ұлтжанды азаматы Халел Досмұхамедұлы "Өз тілін білмейтұрып, жат...

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...