12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата Заңымыздың  75-бабы,  1-тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп анық жазылған. Бұл жерде  азаматтар ескеріп, ұстанатын негізгі  мәселе  құқықтық мәдениет – заңды білу, сыйлау, құрметтеу болып табылады.

Сотқа жүгіну қадамдарын білумен шектелмей, өз құқығыңды қорғауды нақты өмірде жүзеге асырудың маңызы зор. Ең бірінші уақыт жағынан ұтасыз, екіншіден дауыңыздың тез қаралып, шешілуіне ықпал етесіз.

Мысалы, бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жер дауы. Ауылдарда бір адамдар мыңдаған гектар жерге ие болып, заңды, заңсыз құжаттарын көрсетеді. Ал сол ауылдағы екінші бір адам бір-екі малын бағатын, қысқы азығын дайындайтын ұлтарақтай жерге жете алмай жүргені жасырын емес. Осы мәселені қарағанда судья сол азаматтардың арыздарына сүйеніп, алдымен түпкі құжаттарын тексеретіні анық. Заңсыздықты ашу үшін білім мен сауаттылық керек. Айталық, азаматтарға жер, мүлікті бөлу мәселелері Жер кодексінің  101-бабының 3-тармағында анық жазылған. Онда  ұжымшардан кейін қайта құрылған шаруа қожалығы мүшелерінің  жалпы жиналысы өткізу керектігі көрсетілген.

Тағы бір айта кетер жайт  сотқа дейін тараптар  кездесіп, өзара мәмілеге келіп тиесілі жер телімдерін дау-дамайсыз алып, беріп жатса құба-құп. Заң бойынша жеке адамдар арасындағы жер дауы және тағы басқа даулар аудандық сотта қаралады.  

Қорыта айтқанда, сот жүйесіндегі әр қадам үлкен-кіші деп бөлінбейді. Сырт қарағанда еренсіздеу көрінгенімен, әрбір істің рөлі зор әрі маңызды болады.  

Бекболат Тажмұхан,

Наурызбай аудандық сотының судьясы,

Алматы қаласы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...