12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа ұйытатын бірден-бір құрылым. Одақ судьялардың құқығын қорғап, мүддесін басты орынға қояды. Бүгінгі күнге дейін Судьялар одағының мұрындық болуымен сегіз съездің өткені белгілі. Осы келелі басқосулардың барлығы сот жұмысының жандануына, судьялар мәртебесінің артуына айтарлықтай үлесін қосты.

Республика судьяларының съезі әр төрт жыл сайын ұйымдастырылады. Қарап тұрсақ, осы съездердің әрқайсысының сот тарихында айшықты орны бар.  Сот жұмысына қатысты тағдыршешті мәселелер көтеріліп, маңызды ұсыныстар назарға ұсынылатындықтан, әр съезді судьялар қауымы асыға күтеді. Айталық, алғашқы съезд Судьялар одағы қоғамдық бірлестігін құрып, ең алғашқы әдеп кодексінің негізін жасауымен ерекше. 1996 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқан съездге Мемлекет басшысының арнайы қатысып, сот жұмысын талдауы, судьялар қызметіне серпін беретін ұсыныстарды атап өтіп, алдағы уақытқа нақты бағдар-бағдар беруі – съездің маңызы мен мәнін, ұжым ішіндегі беделін асқақтата түсті.  

Бүгінде бұл мәртебелі басқосуға алыс және жақын шетелдегі әріптестердің шақырылуы да съезге айтарлықтай салмақ қосады. Осы арқылы қазақстандық судьялар шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орнатып, шеберлігін шыңдауға, тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік алғанын да айта кеткен артық болмас. Бұл басқосуға келетін қонақтар қаншалықты жауаптылықпен іріктелетін болса, съездің биік мінберінен көтерілетін тақырып та өте өзекті, ел үшін, қазақстандық сот үшін аса маңызды болуы шарт. Съездерде көтерілген мәселелердің айтылған жерде қалмай жүзеге асқаны, қолданысқа енгізіліп сала жұмысына серпін бергені қуантады.

Биылғы жылы ұйымдастырылғалы отырған ІХ съезден де көтеріміз көп. Бұл басқосу да отандық соттың дамуына айтарлықтай үлесін қосады деп сенеміз.

Б.Д.Даулетова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...