12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Отанды сүю тілге деген құрметтен басталады

Халқымыздың ұлтжанды азаматы Халел Досмұхамедұлы «Өз тілін білмей
тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» десе, ақын Қадыр Мырза-Әлі:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте -деп жырлаған. Жалпы алғанда бұлар адамның
барлық тілді меңгергені абзал екенін, алайда, ана тілін білмеу ұят екенін
ұғынуы тиістігін білдіреді. Тіл мәселесін қозғап отырғанымыз, мемлекеттік
тілді дамытуда қоғамымызда патриоттық сезім жетіспеуде.
Мемлекетіміздің 2020-2025 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру
бағдарламасында мемлекеттік тілдің нормативтік базасын жан-жақты әрі
түрлі әдістермен күшейту көзделген. Бұл бағдарламаның басты мақсаты
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ету
болып табылады. Тіл саясаты тиісті бағамдар бойынша қадағаланады. Соттар
биліктің бір тармағы, сондықтан, мемлекеттік тілді дамытып, оның қолданыс
аясын кеңейтуге ең бірінші кезекте мүдделілік танытады. Соған сәйкес,
қазақ тілі сот саласында өзінің лайықты биігіне көтерілуде.
Республика соттары іс қағаздарын толықтай мемлекеттік тілде жүргізеді.
Бұл бағытта игі бастамалар жүзеге асырылуда. Мысалы, ресми тілде түскен
кіріс құжаттарының қазақша нұсқасы сұралады. Судьялар мен мамандар
сотқа келушілермен екі тілде бірдей сөйлеседі. Мемлекеттік тілдегі сот
актілерінің біркелкі стандарты, сондай-ақ, заңнамалық және құқықтық база
қалыптасқан.
Мемлекет басшысы айтқандай, «Ата Заң бойынша, Қазақстанда бір ғана
мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын отанымызбен
байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл
отаншылдықтың басты белгісі». Президент осы сөзімен қазақ тілінің
конституциялық мәртебесін нығайтуға барлық мемлекеттік органдар мен
мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлері, жалпы халық атсалысу керектігін
аңғартып отыр.
Республикамызда мемлекеттік тілдің мәртебесі арнайы заңмен бекітілген.
Қазақстанда тұратын оны Отаным деп қабылдайтын әрбір азамат қазақ тілін
білуге міндетті. Мемлекеттік тіл еркіндігімізді баянды етер басты
байлығымыз. Қазақша сөйлеп, тілге, сол арқылы елге құрмет көрсетуді әр
адам өзінен, отбасынан бастағанда ғана нәтиже жоғары болады.
Алма Абдухалыкова,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...