12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа бірдей мүмкіндіктің берілуі басты. Мұның тәжірибеде жүзеге асу тәртібі Азаматтық процестік кодексте дәйектелген.

Кодекстің 13-бабында көрсетілгендей «Азаматтардың бәрі заң мен сот алдында тең». Осы құжатқа сүйене отырып азаматтық істер бойынша сот төрелігі теңдік қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Кез келген судья азаматтық сот ісін жүргізу барысында тараптардың ешқайсысына артықшылық берілмейді. Ең бастысы, сот алаңында тағдыры тоғысқан тараптардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге жол бермейді. Сәйкесінше, судья сот отырысында тараптардың күмән-күдігін тудыратын, құқығын бұзып, мүмкіндігін шектейтін қадамдардан алыс болғаны жөн.

Мұндай заңдылықтың сақталуы дамыған құқықтық мемлекеттерге тән қасиет. Зайырлы елдердің барлығында азаматтық процестегі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қалыпты жағдай. Дегенмен, азаматтық істердегі бұл қағиданы қолданудың екі түрі болатынын естен шығармауымыз керек. Азаматтық процестегі бұл екі жүйенің өзіндік ерекшелігі бар. Оның бірі жарыспалылық, екіншісі инквизициялық сипатта болады. Сот отырысында қолданылатын кейінгі инквизициялық әдісті тергеу түрінде өтетін сот деп те жатады. Екеуінің айырмашылығы процесс барысындағы тараптар мен судьяның рөліне байланысты анықталады. Мәселен бүгінде Англия, АҚШ, Канада секілді дамыған елдерде өзін-өзі ақтаған жарыспалылық қағидаты барысында сот отырысында тараптарға басымдық беріліп, азаматтардың құқық қорғау тетіктері барынша кең қарастырылған. Соған орай тараптар сот отырысын өздері бақылап, ұсыныс айтып, істің өрбуіне өздері бастамашылық жасайды. Мұндай процесте тараптар белсенді болғанымен, судьялар керісінше тек бақылаушы, істі таразылаушы рөлін атқарып отырады. Судьяға істің мәнін, дәлел-деректерді тауып, зерделеуге құзырет берілмеген. Олар бар болғаны сот отырысын бақылап, дәлелдерді зерттеуге бейімделеді.  

Ал бүгінде Еуропа елдері қолданып отырған инквизициялық жүйе судьялардың белсенділік танытуына, істі өз қолына алуына жағдай жасаған. Судья өз құзыреті шегінде тараптарға сауалдар қойып, жетпей қалған анықтама, құжаттарды сұратып, істің түсініксіз тұстары болса сауал қою арқылы толықтырып, дәлел-дәйектерді алдыра алады. Мұндай сот процестерінде тараптар судьяның көрсетуімен әрекет жасайды, сауалдарға жауап беріп, сұратқан құжаттарды ұсынуға міндетті.

Біздің еліміздің соттары басшылыққа алатын жүйе – азаматтық процестегі теңқұқылық пен жарыспалыққа негізделген. Соған орай, азаматтық процеске қатысатын тараптарға өз ұстанымын қорғауға тең мүмкіндік берілген. Осыны негіз ете отырып сот тараптарға бірдей әрі құрметпен қарайды.

Э.Акбаев,

 Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...