12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Женевада Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындау жөніндегі үшінші ұлттық баяндамасы талқыланды

2025 жылғы 24-25 маусымда Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындау жөніндегі үшінші ұлттық баяндамасы талқыланды. Делегацияны Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова басқарды, оның құрамында негізгі мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері болды.

Қазақстандық тарап соңғы жылдардағы негізгі реформаларын ұсынды: өлім жазасын жою, зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату, азаптау мен адам саудасына қарсы күрес, партияларды тіркеуді жеңілдету, әйелдер, жастар және мүгедек адамдар үшін квоталардың 30% — енгізу. Омбудсмендердің өкілеттіктері кеңейтілді, петициялар институты енгізілді, бейбіт жиналыстар туралы заң қабылданды, жала жабу қылмыссыздандырылды, журналистердің құқықтары нығайтылды.

Комитет реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Қазақстан 2024 жылы азаптаулар санының 41% — ға төмендегенін, 2020 жылдан бастап 3000-нан астам өтемақы, соттардың тәуелсіздігін нығайту және азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетті қоса алғанда, халықаралық тетіктермен ынтымақтастық туралы хабарлады. Маңызды халықаралық хаттамаларды ратификациялау және БҰҰ-ның алты шарттық органының құзыреттерін тану туралы деректер айтылды.

Азаматтық қоғамның белсенді рөлі ерекше атап өтілді. СІМ жанындағы Платформа БҰҰ-ның үздік өңірлік тәжірибесі деп танылды.

Қазақстан ашық диалогқа және адам құқықтары саласындағы стандарттарды одан әрі ілгерілетуге бейілділігін растады.

Защита прав граждан – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Учёба в КазНУ: сочетание традиций и инноваций

Это крепость знаний и мост к будущему. Это живая...

QS 2026: АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ –КӨШБАСШЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS Quacquarelli Symonds...