Жаркент өңірінде жиі көтерілетін жол мәселесі шешіледі

Панфилов ауданы тұрғындары «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бүгін аудан халқымен кездесуде Қанат Бозымбаев аталған проблеманың шешімі жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы жол учаскесін орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірлеуде.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің тапсырмасы бойынша биылдың 31 мамырына дейін Көкталдан Жаркентке дейінгі 14 шақырым жол учаскесі құрылысының құжаттары сараптамадан шығады, сметалық құжаттаманы есептеу жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе жуық арада шешіледі», — деді Қ.Бозымбаев.

Жалпы Алматы облысында өткен жылы жолдарды салуға және жөндеуге 47,1млрд. теңге бөлінген, нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 89% құрады, Панфилов ауданында бұл көрсеткіш — 73 %.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...