Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік ойын- тоғызқұмалақтан аудандық BOSTAN CUP турнирі өтті. Жарысқа ұлттық ойынға, зияткерлік спортқа және бәсекелестікке қызығушылық танытқан 100- ден астам бала мен жасөспірім қатысты.

Турнир Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Тоғызқұмалақ» бос уақытты ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өткізілді.

Жарыс бес кезең бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттерін, зейіндерін және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсете білді. Тоғызқұмалақ- тек ойын ережелерін білуді ғана емес, сонымен қатар логиканы, шыдамдылықты, есептеуді және өзіндік тактика құра білуді талап ететін зияткерлік ойын.

Турнир аясында өскелең ұрпақ арасында ұлттық зияткерлік спортты кеңінен насихаттауға, мәдени дәстүрлерді сақтауға және балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

BOSTAN CUP турнирі қатысушылар үшін өзара қарым- қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және спорттық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін алаңға айналды. Жас ойыншылар өз күштерін сынап, тоғызқұмалақ әуесқойларымен танысып, жаңа жарыс тәжірибесіне ие болды.

Турнир қызығушылыққа, достық бәсекеге және ұлттық құндылықтарға деген құрметке толы атмосферада өтті. Бұл шара жастар арасында зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін және өскелең ұрпақтың жан- жақты дамуы үшін осындай іс- шаралардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...