12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызметкердің құқығы қорғалды

Талап қоюшы С.-ның жауапкер «Арал индустриалды-техникалық колледжі» КМҚК-на жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын тоқтату туралы бұйрығының күшін жою, бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне орташа айлық жалақы өндіру және зерделеу комиссиясының хаттамалық шешімі заңға қайшы деп танып, заңды күшін жою туралы талап қоюы бірінші саты сотының шешімімен қанағаттандырудан бас тартылған.

Талап қоюшының апелляциялық шағымы негізінде істі Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қарады.

Талап қоюшы өз талабында колледже 2003 жылы жұмысқа қабылданып, осы уақытқа дейін «Балық өнімдерін өңдеу» тобына өндірістік оқу шебері болып қызмет атқарғанын, 2021 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша колледждегі оқушылар санына орай колледжге мемлекеттік тапсырыс арқылы бөлінген қаржымен төлем жүргізілгегін, жыл соңына қарай жалақы қорына қаржының жетіспеушілігін алдын-алу мақсатында педагог қызметкерлерінің диплом бойынша алған мамандықтарының атқаратын лауазымына сәйкес емес қызметкерлерді жұмыстан шығарғанын көрсетіп, өзінің «Консервілер және тағам концентраттары технологиясы» мамандығының «Балық өнімдерін өңдеуге» қатысы бар екенін алға тартып, заңсыз жұмыстан шығарылғандығын айтқан.

           Сот алқасы істі қарау барысында  талап қоюшының «Балық өнімдерін өңдеу» тобының өндірістік оқу шебері қызметін 19 жыл атқарғанын, «Консервілер және тағам концентраттары технологиясы» мамандығы бойынша жоғары білімі барын, балық өнімдерін өңдеу курстарынан өткенін, облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының 2017 жылғы шешімімен өндірістік оқу шеберінің бірінші біліктілік санатын алғанын, берілген кәсіптік қызметке қойылатын талаптарға сәйкес екенін, «Алтын алқа» иегері, үш баласының денсаулықтарына байланысты «Д» есепте тұратынын анықтады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығының 17-параграфындағы 306-тармағына сай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің өндірістік оқыту шеберінің біліктілігіне қойылатын талаптарына сәйкес тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

Осы негізіде апелляциялық саты соты талап қоюшы тарапының апелляциялық шағымды қолдаған, жауапкер тарапының сот шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған түсініктемелерін тыңдап, істегі дәлелдемелерді зерттеп, апелляциялық шағымның уәждерін талқылап, заң нормаларын дұрыс қолданбағандықтан бірінші саты сотының шешімінің күшін жойып, апелляциялық шағымды толық қанағаттандырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Сотталғандар арасында ойын терапиясы өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Межуниверситетская олимпиада по французскому языку

Друзья прекрасен наш союз!           Олимпиада?  Да, во Франции,  Франция выиграла...

«Твори добро»: у жителей областного центра Алматинской области появилась аллея волонтеров

В городе Конаев на набережной Капчагая состоялось торжественное открытие...

Более 90 тысяч саженцев посадят  в городах и районах Карагандинской области

90 тысяч саженцев сосны   сегодня  сотни лесников высадят в...

Қарағанды облысының қалалар  және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға...