Қазалыда пробация қызметіндегі тұлғалар арасында «Ерлік – басты құндылық» атты отбасылық эстафета өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі есебіндегі тұлғалар арасында «Ерлік – басты құндылық» атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді. Шараны Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру болды.

Жарыс барысында қатысушы отбасылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Эстафета жоғары көңіл күймен өтті, қатысушылар белсенділік танытып, жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Жарыс нәтижесінде үздік атанған отбасылар жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттармен марапатталды.

– «Отбасымызбен қатысып жатырмыз, керемет ойын болды. Бір-бірімізге сеніп, қолдау көрсеттік. Жүлделі орын алып, қуанып отырмыз. Осындай шаралар көп болса екен», – деді жарысқа қатысушы, пробация есебіндегі азамат.

Шара соңында ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын атап өтті

Әдеп басы — тіл

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Отандық соттағы ЖИ: ізденістер мен ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және...