«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңы

Глубокое  аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі (билік өкілін оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде көпшілік алдында қорлау) бойынша К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2025 жылғы 1 ақпанда Глубоковский ауданының ПБ ЖПҚБ УПИ қызметіне «102» арнасы арқылы тыныштықты бұзу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.

ЖПҚ УПИ көрсетілген мекенжайға барған кезде, К.-ға тиесілі пәтердің есігін қақты. К. мас күйінде болып, есікті ашпай, балконда тұрып, қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкерін көпшілік алдында балағаттап, нормативке сай келмейтін сөздер қолдана отырып, билік органдарының беделіне нұқсан келтірді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, К.-ның сөздерінде билік өкіліне қатысты абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, тұрпайы түрде айтылған, тұлғалық сипатқа ие қорлау белгілері анықталған.

Айыпталушы К. өз кінәсін толық мойындап, Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия актісін қолдану туралы өтініш білдірді.

К.-ның әрекеті ҚК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы Заңының 1-бабының 1-бөлігі 1-тармағы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Заң 2025 жылғы 24 маусымда заңды күшіне енген. Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс амнистия актісіне байланысты тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Глубокое аудандық сотының баспасөз кызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...