12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img

Елімізде төлқұжат үшін түрлі баж салығы енгізілуі мүмкін

Қазақстанда төлқұжат беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, — деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Министр Мәжіліс отырысында құжаттағы парақтың (беттің) санына байланысты Қазақстан азаматының паспортын беру үшін мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемелері ұсынылатынын айтты.

«Беттерге байланысты, егер біреу 36 бетті қаласа, ол бір соманы төлейді, егер 24 бет болса — басқа соманы төлейді», — деп түсіндірді Қуантыров Мәжілісте журналистерге.

Сонымен қатар, оның айтуынша, балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж салығын екі есеге төмендету қарастырылған.

Нормалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заң жобаларына енгізілді.

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда өзгерістерді қолдады.

Осужденный службы пробации открыл собственное дело

Активно ведется работа по оказанию социальной помощи, трудоустройству и...

Пробация бақылауындағы сотталған жеке кәсіп ашты

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты...

Алматы қалалық және Алматы облыстық кәсіпкерлерге колонияларда Ашық есік күні өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне...

Әйелдер мекемесіндегі терминалдар жұмысы

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне...

Тұрғын үйді жеке меншігі санайтын «ОСИ»-ден қалай құтыламыз?

2020 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй...