12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жолдарда көліктерді тексеру күшейтіледі

Қазақстан полициясы жолдағы көліктерді тексеруді күшейтеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі ел аумағында 18 шілдеден бастап жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты шара өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізіліп, жол-көлік оқиғасы салдары мәселесіне назар аударуға бағытталған», — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде, мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы артады.

«Әдетте, жол-көлік оқиғалары артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері көлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар тасымалын тексеру мен патрульдік шараларды күшейтеді.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бір ай ішінде өткізетін барлық іс-шара мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау», — деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңы

Глубокое  аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 2-бөлігі...

Сыбайлас жемқорлықты көріністерін алдын алу

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық  және  әлеуметтік мемлекет  ретінде  орнықтыру  жолындағы...

Қазалыда пробация қызметіндегі тұлғалар арасында «Ерлік – басты құндылық» атты отбасылық эстафета өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметі...