12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-да үш жатақхананың құрылысы басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әрқайсысы 1 060 орындық, жалпы 3 180 орынға арналған заманауи үш жатақхана құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңі аясында салынғалы жатқан жатақханалар 2024 жылдың күзінде аяқталады деп жоспарлануда.

Жоспар бойынша 9 қабатты үш жатақхананың жалпы ауданы  49 703,94 шаршы метрді, ал ғимаратты салуға бөлінген аумақ 1,24 гектарды  құрап отыр. Сызба бойынша студенттер үйінің әр қабатында заманауи оқу залдары, демалыс орындары, асхана, кофехана, спортзал, тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. Жатақхананың студенттер жататын әр бөлмесі 4 адамға арналып, ауданы 70 шаршы метрді құрамақ. Оның ішінде үш жатақханада инклюзивті білім беру талаптарын орындау мақсатында мүмкіндігі шектеулі білім алушы жастарға арнайы 132 төсек-орын қарастырылған.

Еске сала кетейік 2022 жылы 1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметімен танысып, ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің Бас жоспарына үлкен қолдау білдірген болатын. Ал ағымдағы жылдың 7 қараша күні Мемлекет басшысы білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдап, университет қалашығын жаңғырту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жаңадан бой көтеретін жатақханалар Президент тапсырмасымен, ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асып отыр.  Сәуір айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров және ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ІІ кезеңнің  басталуына байланысты естелік капсула салған.

 Құрылыстың басталу рәсімінде ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек», – деп атап өтті.

Оның үстіне ректор ҚазҰУ-дың ІІ даму жоспары бойынша қалашықта жалпы 12 жатақхана, 8 оқу корпусы бой көтерілетінін жеткізді. Басты мақсат – білім алушылар үшін тұрғынжай тапшылығын қысқарту.

Университет баспасөзінің хабарлауынша жаңа жыл қарсаңында 4 оқу корпусы, қаңтар айында 35 000 шаршы метр емхана құрылысы басталады. Медициналық орталықта поликлиника, медицина және денсаулық сақтау факультеті, стоматология жұмыс істейтін болады. Бұған қоса, қызметкерлерге арналған тұрғынжай, инновациялық орталық, IT хаб, спорттық-сауықтыру орталығы т.б ғимараттар салынады.

ҚазҰУ қалашығының ІІ даму жоспары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Бұл құрылыс жұмыстары алдағы 3 жылға жоспарланып отыр. Алдағы күзде ҚазҰУ 90 жылдығын салтанатты түрде  атап өтеді. Бұйыртса, осы  қуанышқа орай алғашқы жатақхана пайдалануға беріледі, – деді баспасөз орталығының мамандары.

Сөз соңында Жансейіт Қансейітұлы жатақхана құрылысының басталғанын ресми жариялап,  инвесторлармен бірге студенттер үйінің іргетасын қалады.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР Үкіметі 2026 жылға дейін 30 мың студентті жатақханамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 15 жатақхана бар. Онда оқу ордасының 6 мыңға жуық студенті орналастырылған.

Жылыс Нұрбол

Заң газеті

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...