Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді

Жетісу облысында соңғы үш жылда 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді. Сонымен қатар өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар толығымен жаңғыртылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Өңір басшысының айтуынша, 2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтті.

— 2023-2025 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар 1 138 шақырымнан астам жол жөнделді. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетті. Молалы айналмасынан Балқаш көліне дейінгі жол биыл жаңғыртудан кейін ашылды. Жол жиегін абаттандыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, нысанды келесі жылы қабылдап аламыз, — деді өз сөзінде Б. Исабаев.

Облыс әкімінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы Балқаш көліне дейін «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді. 2026 жылы «Талдықорған – Үштөбе» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...