Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған

Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуына қарағанда, Кербұлақ ауданында құны 1,3 трлн теңге болатын «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» мега-жобасының құрылысы басталды. Жоба аясында 2 230 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады, құрылыс 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сол сияқты Талдықорған қаласында тегістегіш болат шар өндіретін «ME-ELECMETAL» зауытының құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, келесі жылы Талдықорғанда қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының құрылысы жүреді деп жоспарлануда. Бұл жоба «Жасыл Жетісу» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынады.

Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Біздің басты мақсатымыз – инвестиция тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, дайын өнімді өңдеу және оны ішкі және сыртқы нарықтарға шығару, — деп атап өтті Бейбіт Исабаев.

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...