Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №13 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанды шығарып салу шарасы өтті.
Қақпа алдында кездесу әлеуметтік жоба аясында босатылатын сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Сотталған азамат босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жаднама беріледі.
Өз кезегінде, босатылған азамат мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Бас бостандығынан айыру органдарында жаза өтеушілердің тағдырына немқұрайлы көзқарас болмауы қажет. Есесіне, оларға қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде қарап, Еліміздің әрбір саналы азаматы және мемлекеттік органдар тарапынан да жаңа өмірге бейімделуіне қолдау көрсету қажет. Сотталғандардың әлеуметтік және тұрмыстық орналасуына әрдайым ерекше назар аударып, оны нақты жүзеге асыру баршамыздың ортақ абыройлы міндетіміз болып табылады.


