12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұстаздарға құрмет!

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ әрбір шәкірті үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Алтын ұя мектептің ары-мұғалім «Ұстаз — ұлы адам» деп жазушы М.Әуезов айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағын сапалы білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып тәрбиелеуде ұстаз еңбегі биік. Ұстаз да диқаншы секілді, әрбір адам жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қомдап,қатайтып ұшырады. Әр шәкіртін аялап, бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайды.Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыры мен сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі орасан. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашағын бағдарлай алатыны анық екен. Ұстаз-ұлы тұлға! Ұстаз туралы  ой толғау әрбір шәкірттің  өткенін електен өткізіп,болашағына баппен қарайтындай үлгілі бейненің суретін салумен пара-пар. Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін! Лайықты ұстаз атану-мәртебе, ал үміт артқан шәкірт болу- мерей. Сол себепті мәртебесі артқан ұлағатты ұстаздың мерейі артқан шәкірті болу әр шәкірттің бақыты. Міне, бүгінгі таңда сол ұстаздарымыздың берген білімі мен саналы тәрбиесінің арқасында мақсатымызға жетіп, ел азаматы болып қызмет атқарудамыз. Армандар алдамайды екен,қаншама жыл бұрын мектеп партасында отырып, болашаққа құрған жоспарлырымыз, арман-тілектеріміз  орындалып, әлемді шарлап, елімізге, жерімізге пайдасы бар жахан жаңалықтарын қазақ жеріне жеткізіп, ұлтымызға, туған елімізге үлес  қосар азамат болдық!

Ұстаз бақыты — шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі — ұстазға байланысты дегендей, ұлағатты  ұстаздан жақсы шоқтығы биік  шәкірттер  шығатыны сөзсіз. Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта, бағыт — бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан Ұстаздарға  қасиетті тұлға ретінде басымызды иіп, тағзым етеміз! 

Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде тұрады. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Асау ағысты өмірдің дара  жолында  алдымызға үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елімізге пайдасы тиер азамат болдық. Әйтседе, бәйтеректей болып тамырымызды тереңге жаю бізді мәпелеп өсірген ата-аналарымыздың, ақылшы ұстаздарымыздың және алтын ұям-мектебіміздің алдындағы борышымыз! Әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен құрметпен еске алып отырады.

«Ұстаз-Ұлық емес, ұлы қызмет»- дегенқағиданы ұстанып, ту етіп, қазіргі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірі әрі бірегейі-  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің заң факультетінде еліміздің заңгерлерін, құқықтанушылары  мен мемлекеттанушыларын,  құқыққорғау мекемелерінің әр саласында шәкірттерді  тәрбиелеп, ұстаздық етіп жатырмын.   Осы білім саласындағы еңбегім мен жетістіктерімнің нәтижесі- алтын ұя мектебімізден, ардақты ұстаздардан алған тәлім-тәрбиеміздің, біліміміздің арқасы деп білемін. Әрине, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» дегендей, ұстаздар берген саналы білімнің арқасында бізде талай белестерге белсене шығып, алмас қылыштай жүзімізді жарқыратып, өскен ортамызбен туған топырағымызға кір келтірмей, ұмтыла қадам басудамыз! Еліміздің ертеңгі болашағына білім нәрімен жарық берер ұстаздардың еңбегін жоғары бағалалймыз.Тәрбиенің алтын діңгегі, мөлдір бастауы -Ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Мерейлеріңіз үстем болсын!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің мемелкет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының қауымдастық — профессоры, з.ғ.к. Исабеков Ақылбек Қашқынұлы

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті: құқық саласындағы көшбасшы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті-еліміздегі  ең беделді...