12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңды білу — заман талабы

Құқықтық норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Осыған орай, мемлекет басшысы жолдауында Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға белгілі. Өйткені еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.

Қазіргі заман адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді, себебі Қазақстанның даму деңгейі қоғам өмірінің барлық саласына терең өзгерістер енгізуде. Елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру. Сол себептен қазіргі заман тұлғасы сана-сезімі жоғары, өз іс-әрекетіне жауапты, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, өз шешімін қабылдай алатын азамат болуы тиіс. Сонымен қатар еліміз болашақта өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шаралар қажет.

Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аңғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құрал. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады және басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.

Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «тәртіпке бас иген құл болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса, тәртіпсіздік пен бассыздық орнап, мұндай ортада өмір сүру қорқынышты болар еді.

Әрбір адамның өз құқығын жетік меңгеріп білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты.

Азаматтардың басым көпшілігі өз құқықтары мен мүдделерін қорғау тәсілдерін жете біле бермейді. Заман ағымына сай, Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер енгізіліп тұрады. Сондықтан да, құқықтық білім әрқашан қажет.

         Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. 

Нұржан Қадірбек, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы 

Ана тілі – ең басты байлығымыз

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды...

Үш кассациялық сот жұмысын бастауға әзір

Қазақстандық сотта жаңашылдық аз емес. Жаңа реформалардың қолға алынуына...

Кәсіби мереке судьялар мен сот қызметкерлеріне деген құрметтің белгісі

Сот құрылымының, судьялар қызметінің қоғамдағы маңызы зор. Мемлекеттік биліктің...