«Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмесі өтті

күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Польшаның Ұлттық еске алу институтының «Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмесін ашты. Аталмыш көрме Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі поляк қарулы күштерінің күш-жігерін және генерал Андерс әскерімен бірге КСРО-дан эвакуацияланған бейбіт тұрғындардың тағдырын еске алуға арналған.

Шараны ҚР Мемлекетттік орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі жөніндегі орынбасары Анна Викторқызы Кущенко ашып, Орталық музеймен ынтымақтастық орнатқан 10 жыл ішінде халықаралық деңгейдегі  мәдени және тарихи маңызы бар көрмелер өткізіп, жемісті жұмыстар атқарған Польшаның Алматыдағы Бас Консулдығына алғыс білдірді.

Шара аясында Польшаның Алматыдағы Бас Консулдығының Вице-консулы Павел Недзведски сөз алып, көрменің Польша халқы үшін тарихи маңызын былайша жеткізді: «Кеңес Одағында генерал Владислав Андерстің басшылығымен ұйымдастырылған поляк қарулы күштерін халық Андерс әскері деп атаған. Кеңес билігі поляк армиясын қалыптастыру үшін орындардың бірі ретінде Қазақ жерінің аумағын таңдады. Қазақтардың көрсеткен қолдауы әлі күнге дейін аман қалған отбасылардың естеліктерінде сақталып келеді».

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаш Аренова шараға қатысып, аталмыш көрменің мән-маңызына тоқталды.

Көрмеде поляктардың Қазақстанға департациялануы мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы поляктардың тағдыры, 1939 жылғы 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуыл жасауы, Польшаның оккупациялануы, 1941-1942 жылдары КСРО-да поляк армиясының ұйымдастырылуы, бас қолбасшы Сикорский бастаған поляк қарулы күштерінің құрылуы, генерал Андерс армиясының бостандыққа қол жеткізу жолдары туралы фотопанельдер ұсынылған.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...