Кассация Әділет жолындағы соңғы үміт пен сенім

Құқық пен әділет бір-бірінен ажырағысыз ұғым. Бірақ кейде сот шешімі адам күткен үмітті ақтамай, күмән мен наразылық тудырады. Сол сәтте заң жолымен ақиқатты қайта іздеудің бір ғана мүмкіндігі қалады — ол кассациялық саты. Бұл кезең сырт көзге құрғақ құқықтық рәсім сияқты көрінгенімен, іс жүзінде адамның тағдырына, қоғамның әділетке деген сеніміне тікелей әсер ететін маңызды тетік.

Әділеттің өлшемі – заңның үстемдігі. Кассациялық сатының мәні сот шешімін қайта талқылау емес, заңның өзіне жүгіну. Өйткені кей жағдайда мәселе дәлелде емес, сол дәлелге берілген құқықтық бағада жатады. Мұнда соттар қабылдаған шешімнің заңға қаншалықты сай болғаны тексеріледі. Бұл әділет салтанат құруының ең нәзік тұсы, себебі бір ғана заң нормасының дұрыс қолданылмауы тұтас шешімнің тағдырын өзгерте алады.

Кейде адам жеңіліске ұшыраған сәтте әділет іздеуден бас тартады. Ал кассация сол үміттің сөнбеуіне мүмкіндік беретін жүйе. Ол заңның үстемдігін қорғап, әр шешімнің ар жағында адам тағдыры тұрғанын еске салады.

Сотқа сенім қоғам айнасы. Қазіргі заманда сот билігіне деген сенім демократиялық қоғамның басты көрсеткіші. Азаматтар өз құқықтарының қорғаларына сенсе, мемлекет те мықты болады. Ал кассациялық саты сол сенімді қалыптастыратын соңғы қорған.

Жоғарғы сатыдағы судьялар тек құжатты емес, заң мен әділдіктің арасындағы тепе-теңдікті таразылайды. Олардың әр шешімі  қоғамның құқықтық мәдениетіне әсер ететін маңызды қадам. Бұл деңгейде қабылданған шешімдер кейде заңнаманы жетілдіруге, жаңа құқықтық ұстанымдардың пайда болуына түрткі болады.

Әділеттің демі  адам жүрегінде. Кассация тек заңдық құрал емес, рухани мәні бар ұғым. Ол  «шындық бар» деген сенімді қайта оятатын үміт. Кейде әділет бір сәтке кешіккендей көрінеді, бірақ оның келмей қалуы мүмкін емес.

Міне, сондықтан да кассациялық саты – қоғам мен заң арасындағы нәзік көпір. Ол әділетсіздікке қарсы үнсіз күрес емес, керісінше, ақиқаттың соңғы үні.

Бүгінгі Қазақстанда сот жүйесін жаңғырту  елдің құқықтық мәдениетін көтерудің басты тетігі. Сол реформалардың жүрегінде кассациялық инстанцияның рөлі ерекше.

Ол – әділдіктің айнасы, заңның тазалығының кепілі және азаматтың үмітін сөндірмейтін соңғы шырақ. Әділет – мемлекеттің ең үлкен байлығы.
Ал сол байлықты сақтайтын күзетші – кассация.

                                       Гажданбекқызы ГүлсезімҚызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

                                            жетекші маманы

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...