Интернет алаяқтық және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әділдік жолындағы рөлі

Цифрландыру дәуірінде адам өмірінің әр сәті интернетпен байланысып отыр. Онлайн сауда, электрондық төлем, мобильді банк, әлеуметтік желі бәрі де заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ осы қолайлылықтың көлеңкесінде интернет алаяқтық атты күрделі құқық бұзушылық түрі өршіп келеді. Бұл тек жеке азаматтарға ғана емес, мемлекеттің құқықтық жүйесіне де үлкен сын.

Соңғы жылдары алаяқтықтың түрі мен әдісі айтарлықтай өзгерді. Қазір қылмыскерлердің қолында пышақ емес, смартфон мен жалған сілтеме. Олар сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың қаржысын иемденіп, дербес мәліметтерін заңсыз мақсатта қолданады.

ӘРПК жүйесіндегі сот төрелігі. Қазақстан Республикасының кодексі сот билігінің жаңа мәдениетін қалыптастыруда Әкімшілік рәсімдік процестік маңызды рөл атқарып отыр. Бұл заң сот пен азамат арасындағы қатынасты сенім, ашықтық және дәлелді шешім қағидаттарына негіздейді.

Интернет алаяқтық істерінде ӘРПК нормалары құқық бұзылған тұлғаның заңды мүддесін қорғауға, ал соттың заңды және әділ шешім қабылдауына бағытталған.

ӘРПК соты әрбір істі тек ресми құжаттар арқылы емес, іс мәнінің шынайылығын анықтау тұрғысынан қарастырады. Бұл «формалды әділет» емес, «нақты әділет» қағидатының көрінісі.

Сот тәжірибесіндегі ерекшеліктер. Интернет алаяқтық істері бойынша апелляциялық және кассациялық сатыларда соттар көбіне тергеу барысында алынған электрондық дәлелдердің дұрыстығын, процессуалдық нормалардың сақталуын, жаза мен жауапкершілік шарасының заңдылығын тексереді. Кей жағдайда бірінші сатыдағы соттың үкімі ӘРПК шеңберінде қайта қаралып, заңды бұзушылық анықталса шешімнің күші жойылады немесе өзгертіледі. Бұл сот жүйесінің әділдікті қалпына келтіру қабілетін көрсетеді.

Сот жүйесіне деген сенім және азаматтық мәдениет. ӘРПК енгізген жаңа қағидаттар «Сот билік емес, қызмет» және «Сот шешімі – қоғам алдындағы жауапкершілік» ұғымдарын бекітті. Сондықтан интернет алаяқтықпен күресте тек жазалау емес, қоғамдық сенімді қалпына келтіру де басты мақсатқа айналып отыр.

Интернеттегі қауіпке құқықтық жауап. Бүгінгі таңда ӘРПК аясында қаралған істердің бір бөлігі азаматтардың электрондық алаяқтықтан зардап шеккен жағдайларына қатысты. Мұндай істерде сот тек кінәліні жазалау емес, ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын да атап өтеді.

Интернет алаяқтық – заман талабы тудырған жаңа қылмыс түрі. Ал ӘРПК – сол жаңа қауіпке құқықтық жауап беретін жаңа сот мәдениетінің негізі.

Әділ сот төрелігі — бұл жаза ғана емес, қоғамдық сенім мен заң үстемдігін сақтау миссиясы. Сондықтан әрбір интернет қылмысына қатысты үкім – тек жеке істің нәтижесі емес, елдегі әділеттің айнасы.

                             Гажданбекқызы Гүлсезім, Қызылорда облысының мамандандырылған

                                                   ауданаралық әкімшілік сотының 

                                  жетекші маманы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...