spot_img
spot_img

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандарды квотамен жұмысқа орналастыру бойынша кеңес отырысы өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы кеңес отырысы Мәртөк аудандық әкімдігінде өтті.

Кеңесті ашқан Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әлжан, аудан әкімінің 271 санды 2022 жылғы қаулысына сәйкес, Мәртөк аудандық пробация қызметінің есеінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға арналған квотасы белгіленгені және квота мөлшері 2 пайызды құрайтындығын айта келіп, жұмыс беруші мекемелердің тізімдерін атады.

Кеңес отырысында сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан ҚР Еңбек кодексі талаптарының сақталуы, есепте тұрған азаматтарға уақытылы еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту мәселелері де талқыланды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Осрочка отбывания наказания

В службы пробации Ауэзовского района ДУИС по г.Алматы приносит...

Талдықорғанда сотталғандар Наурыз мейрамын атап өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №71...

В Талдыкоргане осужденные отметили Наурыз

Сотрудниками воспитательного отдела учреждения №71 ДУИС по Алматинской области...

Алматы облысында сотталғандар Наурыз мейрамын атап өтті

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында, Алматы облысы және...

В Алматинской области осужденные отметили Наурыз

В канун празднования Наурыз мейрамы, в учреждении №49 ДУИС...