“Жас маман, алға бас қадам” атты түлектерге диплом табыстау салтанатты кеші өтті

2025 жылғы 30 маусым күні №79 мекемесі жанындағы колледжде “Жас маман, алға бас қадам!” атты түлектерге диплом табыстау салтанатты кеші өтті.

Бұл шара оқу орнының ең маңызды әрі әсерлі сәттерінің бірі болып саналады. Биылғы оқу жылында колледжді орыс — қазақ тілдерінде аспазшы, кондитер, тігіші, шаштараз мамандықтары бойынша аяқтаған студенттер көптен күткен дипломдарын қолдарына алды.

Салтанатты рәсімге колледж әкімшілігі, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, мен қонақтар қатысты. Колледж директоры түлектерге жүрекжарды құттықтауын айтып, болашақ жолдарына сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында үздік бітірген студенттер марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ студенттер колледжде алған тәжірибелері мен естеліктерімен бөлісіп, ұстаздарына алғыс айтты.
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...