№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде №20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» атты акция өткізілді. Шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында жолда жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жол қауіпсіздігін насихаттау.

Акция барысында мекеме қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің маңызын және көшеде өзін қауіпсіз ұстаудың негізгі қағидаларын еске салды. Әсіресе жаз мезгілінде жолдан өту кезінде сақ болу керектігіне ерекше назар аударылды.

«Мұндай акциялар өскелең ұрпақтың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді», – деді тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Қарабаева Д.

Мектеп оқушылары арасында профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп, мекеме қызметінің маңызды бағыты болып саналады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...