spot_img
spot_img

Петропавл әйелдер колониясында Нельсон Манделаға арналған бұрыш құрылды

Бүгін біздің еліміз жаңа Қазақстанның даму жолына түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында азаматтардың өмірі, бостандығы және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндеттер болып табылатынын атап өтті.

Ондаған жылдар бұрын кейбір адамдар бостандық үшін, ал басқалары теңдік үшін күрескен. Олардың әрқайсысының жолы ұзақ және қиын болды. Олар жеңістер мен жеңілістерден, өмірдің қуанышы мен қайғысынан өтті. Осындай тұтқындардың бірі Оңтүстік Африка Республикасында апартеидті жеңген адам Нельсон Мандела болды.
Ол озбырлыққа қарсы шығуға бел буып, бостандық пен адам құқықтарын қорғау үшін өз бойында батылдық тапты. 2022 жылдың басынан бастап «№50 мекемеде» Нельсон Мандела мен оның минималды стандартты ережелеріне арналған дәрістер, семинарлар,
тақырыптық кездесулер мен театр қойылымдары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Есте қаларлық және маңызды іс-шаралардың бірі №3 жасақта Нельсон Манделаға арналған бұрыштың құрылуы болды. Сотталған Ульяна Корелина көшбасшының, әділетті және адам құқықтарына деген сенімді көрсететін бейнесін дәл жеткізе отырып,
портретін бейнелеген. Сондай-ақ, сотталғандарға Манделаның фотосуреттері мен тезистері бар буклет-альбом табыс етілді.

«Портретті салмас бұрын мен Нельсон Манделаның өмірі мен қызметі туралы ақпаратты оқып, зерделедім. Ол шынымен өмірін адамзатқа арнап, олардың құқықтары үшін күрескен ұлы адам екенін түсіндім», — дейді
сотталған.

Жасақ бастығы
әділет аға лейтенанты
Т.Казжанова

Шымкент және Түркістан облысында 130 сотталған жазаға тартылды

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды алып өтуге жол жоқ

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінде тыйым...

Қайрымдылық жасау адамгершілік белгісі

Пробация қызметінің құрылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ....

Сотталғандар қоғам алдында борышын өтеуде

Сотталғандар жазасын қоғамдық жұмыс жасау арқылы өтеп, қоғамға өздерінің...

Осужденные акмолинской колонии получили квалифицированную помощь специалистов управления занятости

В рамках совместной работы по ресоциализации осужденных, оказанию помощи...