Түркістандық полицейлер мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бар ер адамды ұстады

Отырар аудандық ПБ-ға үш бірдей жергілікті тұрғын арызданып үйіндегі ірі қара малдарын, яғни жылқы, сиырларын белгісіз біреулердің жымқырғандарын жеткізді. Арызда тұрғындарға 1 700 000 теңге шығын келтірілгені көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен отырарлық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысты күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілердің ауласына түнгі уақытта кіріп, ұрлап алған малдарын өзінің басқаруындағы автокөлікке салып алып кеткен. Қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажетіне жаратқан. Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа мал ұрлығының тағы 2 жайтына қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайттарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағылық танытуға және әсіресе түнгі уақытта мүліктің сақталуына шаралар қолдануға кеңес береді.

Түркістан Облысы ПД баспасөз қызметі

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...