Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып келеді. Әсіресе азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері халықаралық деңгейдегі өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың бір бөлігі бірнеше мемлекеттің аумағында орын алып, қылмыстық әрекеттердің салдары халықаралық сипатқа ие болуда. Мұндай жағдайда бір мемлекеттің құқық қорғау және сот органдарының күш-жігері жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттер арасындағы өзара құқықтық көмек халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Халықаралық құқықтық көмек – мемлекеттердің өзара келісімі негізінде сот, прокуратура және өзге де құзыретті органдардың азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді қарау кезінде бір-біріне құқықтық және процессуалдық жәрдем көрсетуі. Оның негізгі мақсаты – заңдылықты қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға жәрдемдесу, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Қазақстан Республикасы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді. Еліміздің шет мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттары құқықтық көмек көрсетудің тәртібін, нысандарын және құзыретті органдардың өзара іс-қимыл жасау тетіктерін айқындайды.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі – азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету.

Осы бағыттағы негізгі халықаралық құжаттардың бірі – 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қабылданған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» конвенция және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған осы аттас конвенция.

Аталған халықаралық құжаттар мемлекеттердің сот және өзге де әділет органдары арасындағы ынтымақтастықты реттейді. Олардың ережелеріне сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің азаматтары басқа қатысушы мемлекеттердің аумағында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сол мемлекеттің азаматтарымен тең құқықтарды пайдалана алады.

Сонымен қатар азаматтар басқа мемлекеттің соттарына, прокуратурасына және өзге де құзыретті органдарына кедергісіз жүгінуге құқылы.

Конвенциялар шеңберінде құқықтық көмек көрсету құжаттарды сұрату және табыс ету, дәлелдемелер жинау, куәлардан жауап алу, сараптамалар жүргізу, азаматтық хал актілері туралы мәліметтер алу және сот шешімдерін тану мен орындау сияқты мәселелерді қамтиды.

Бұдан бөлек қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету – мемлекеттердің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тетігі.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық, қаржылық алаяқтық, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, адам саудасы, ұйымдасқан қылмыс және өзге де трансұлттық құқық бұзушылықтар халықаралық сипатқа ие болып отыр.

Мәселен, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам бір мемлекеттің аумағында әрекет етіп, кейін басқа мемлекетке жасырынуы мүмкін. Сондай-ақ қылмысқа қатысты дәлелдемелер, қаржы қаражаттары, құжаттар немесе куәлар басқа мемлекеттің аумағында болуы ықтимал.

Осындай жағдайларда халықаралық шарттар негізінде құқықтық көмек көрсету қажеттілігі туындайды.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

— қылмыстық іс бойынша қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;

— куәлардан, жәбірленушілерден және сарапшылардан жауап алу;

-процессуалдық құжаттарды табыс ету;

-сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

— тінту, алу және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесу;

— қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың орналасқан жерін анықтау;

— қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында адамдарды ұстап беру;

— шет мемлекеттерде сотталған азаматтарды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беру.

Аталған шаралардың барлығы халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен және ұлттық заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты халықаралық шарттар – мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың берік негізі әрі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі.

Сондықтан халықаралық құқықтық ынтымақтастықты дамыту – тек мемлекеттердің өзара байланысын нығайту құралы ғана емес, сонымен қатар әділ сот төрелігін жүзеге асырудың, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Қызылорда қаласының 

№2 сотының бас маманы                                                Д.Ахметов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...

Социальный маршрут столицы 

Пенсионерам помогают с оздоровлением, семьям с детьми с особыми...

Шартты жаза –заңмен берілген мүмкіндік

Қылмыстық кодекстің 63-бабымен шартты түрде соттау жазасы бекітілген. Жұртшылық...