«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Тәрбие баспалдағы» атты ата-аналар форумы өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Форумның арнайы қонағы – ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Серпер» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер болды.

Мектеп директоры Самғат Сүйінбекұлы форумның ашылуында сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен білім ордасының өзара байланысына ерекше тоқталды.

«Біз әрқашан мектеп, ата-ана, оқушы үштағаны арқылы жұмыс істеуді жақсы көреміз. Былтырғы оқу жылында Оразкүл Асанғазымен кездесу өткізген едік. Биылғы оқу жылындағы форумымызды Саят Қамшыгермен кездесуден бастап отырмыз. Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруымыз қажет», – деді мектеп директоры.

Форум барысында Саят Қамшыгер жас ұрпақ тәрбиесі, балаларға кітап оқыту жолдары, әдебиет пен рухани құндылықтардың маңызы жөнінде ой бөлісті. Оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, қонақтың шығармашылығына құрмет көрсетті. Сонымен қатар патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, мектеп оқушылары хормен өнер көрсетті. Әдебиет пен өнер тоғысқан мазмұнды бағдарлама қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Бала тәрбиесі тек мектептің немесе ата-ананың ғана міндеті емес. Бұл – екі тараптың өзара түсіністігі мен бірлескен еңбегін талап ететін ортақ жауапкершілік. Отбасында қалыптасқан тәрбие мектеп қабырғасында жалғасын тауып, ұстаз бен ата-ананың бір бағыттағы жұмысы арқылы нәтижесін береді.

«Тәрбие баспалдағы» форумы осы ортақ ұстанымның маңызын айқындап, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтуға, бала болашағына бейжай қарамауға үндеген тағылымды кездесу болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...

Социальный маршрут столицы 

Пенсионерам помогают с оздоровлением, семьям с детьми с особыми...