12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Биыл Жетісу облысында 524,8 мың гектар егістік бар. Оның 200,7 мыңы суармалы жерлер. Суармалы жерлер 6 су қоймасы және 12 өзен арқылы суарылады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің есебі бойынша, «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7404 келісімшарт жасасқан. Бүгінгі таңда 100 мың гектардан астам егістік суарылып, 527,5 млн текше метр су алынды. Сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілді.

«Барлық өндірістік учаскеде шаруалардың сұранысына сəйкес су беріледі. Вегетация қалыпты режимде өтіп жатыр. Таулы мұздықтардан бастау алатын өзендердің деңгейі жыл бойы жауған жауын-шашын мөлшеріне жəне ауа температурасына байланысты. Филиал мамандары суармалы судың əділ бөлінуін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақты», – деді Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Саят Құдайбергенов. Оның айтуынша, вегетациялық кезең басталар алдында диқандармен ауыспалы егісті сақтау, ылғалды көп қажет ететін дақылдар көлемін қысқарту, шаруашылықішілік каналдарды механикалық жолмен тазалау, сондай-ақ су үнемдейтін технологияларға кезең-кезеңімен көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биыл өңірде су үнемдеу технологиясын қолдану 26,4 мыңнан 55,32 мың гектарға дейін ұлғайтылу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда ол 35,9 мың гектар алқапқа енгізілген. Оның 13,3 мыңы тамшылатып, 22,6 мың гектары жаңбырлатып суару жүйесімен қамтылған. Облыстың ауылшаруашылық басқармасының мəліметі бойынша бұдан бөлек 4,8 мың гектар алқапқа суарудың дискреттік тəсілі енгізілген. Суарудың арзан жəне қолдануға жеңіл бұл түрі су шығынын 30 пайызға дейін азайтады. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан оған деген қызығушылық өте жоғары. Сондықтан өндіріске енгізіп жатқандар қатары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Өңірде шілде айының алғашқы онкүндігіндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазсушар» РМК филиалы каналдар арқылы суды кезекпен беру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Қаратал ауданының диқандарына сумен қамтамасыз ету үшін Көксу өзенінен қосымша су жеткізілді. Қазіргі таңда шаруалар ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптың үшінші суын беруде. Жалпы, Жетісу облысында суармалы жерлерге су беруге арналған 54 су қоймалары, тоғандар, бөгеттер мен сужинағыш тораптар бар.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда «Қызметтік идеология: тәртіп,...

Сотта өкілдік ету үлкен жауапкершілік жүктейді

Конституциямен айқындалғандай, әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандығын, заңды...

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...