Астана қалсының түзеу мекмесіне жалпы салмағы 8 грамм құрайтың есірткі затын алып кірмек болған

Астана қаласы ҚАЖ Департаментінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында, №3 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің алды алынды. Мекеме аумағының өнеркәсіптік аймағында  орналасқан «Жол бұйымдар зауыты» ЖШС-не тапсырыс беруге келген азаматты тексеру барысында он аяқ киімінен политендік пакет табылды, аталған пакет ішінен сұрғылт-жасыл түсті ерекше исі бар зат анықталды.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат жалпы салмағы 8,58 грамм құрайтын «гашиш» есірткісы болып шықты.

Кәзіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР қылмыстқ кодексінің 296 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,  бұл іс әркеттері үшін бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолдануы мүмкін.

Департамент бастығы Д.Б. Рақымбековтың  айтуынша «мекемеде жазасын өтеушілердің қолдарына тыйым салынған заттардың түсуін алдын алу жұмыстары күшейтіліп бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табатын болады, қызметкерлердін жедел ақпаратты дер кезінде анықтауларының арқасында жыл басынан бастап, жалпы салмағы 290 грамм құрайтын есірткі затын алып кірудін алды алынды».

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...